Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

2018 жылдың маусым айының соңында, Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасының авиациялық билігі арасында ресми келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздерге ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және Болгария Республикасаның Көлік, ақпараттық технологиялар және байланыс Министрлігі «Еуропалық үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық» жөніндегі дирекциясының директоры Надежда Бухова ханым қатысты. Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Васил Петков мырзада қатысты

Келіссөздердің нәтижесінде  Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның негізінде елдердің тағайындалған әуе компаниялары екі ел арасында авиа-рейстерді орындауға мүмкіндік алады.

Фото : mid.gov.kz