Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

exhibition_kz_01

Мамыр айының ортасында Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде   «Еуропа тарихындағы болгар мәдени мұрасы. Әріптер жарығы» атты көрмесі ашылды. Көрмені Қазақстандағы Болгария Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған.  Көрме Астананың тұрғындары мен қонақтарына 17 маусымға дейін қол жетімді болды.

Ашылу рәсіміне 120-дан астам дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және атқарушы органдар,  мәдени, ғылым және білім қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен болгар қауымдастығы өкілдері  қатысты. Ашылудың шарықтау шегі  Астана қаласындағы «Злата» болгар этномәдени орталығының «Цветанка» балалар вокалдық тобы дәстүрлі болгар халық әндерін орындауы болды, топ жетекшісі Ольга Дымова.

Көрме Болгария Республикасының Еуропалық Одақ Кеңесіндегі Төрағалығына және 24 мамырға- Болгар білім беру, мәдениет және славян жазуы күніне арналған. Көрме төрт тақырыптық бөлімнен тұрды: «Болгария қалалары», «Әулие Климент Орхидский», «Әріптер жарығы» және  Ладислав Цветковтын «Бейнелі Болгария» фотокөрмесі. Келушілер Болгарияның мыңжылдық тарихының бірегей атмосферасын ашып, бай мәдениеті мен рухани өміріне қол жеткізе алды.

Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтынан алынған суреттер.