Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

industry

11 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті.

Индустрияландыру күнінің аясында өткізілетін республикалық телекөпір экономиканы әртараптандыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, адам әлеуетін жаңарту, республиканы жаңғыртуға үлкен үлес қосқан қазақстандықтарды құрметтеу жөніндегі үлкен жұмыстардың дәстүрлі қорытындысы болып табылады.

Онлайн режимде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 28 жаңа кәсіпорын, өндірістік желі және инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Өнеркәсіптік жобалардың 7 мыңнан астам қызметкерлері Астанамен тікелей байланыста болды.

Олардың кейбірін атап өтейік.

Телекөпір аясында, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС және Қарағанды облысындағы «Sary-Arka Copper Processing» компаниясының катодты мыс өндіретін кәсіпорыны – тау-кен металлургиялық кешенінің екі үлкен алыптары толыққанды іске қосу және өндірістік қуатқа шығу бастама берілді.

«Баламалы энергетика» саласында «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС қазақстан-британдық бірлескен жобасын – Жамбыл облысындағы 100 МВт қуатты «Бурное» күн электр станциясын іске қосылды. Сонымен қатар, Қазақ Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында «КТ Сирек Металды Компаниясы» БК» ЖШС (43,6 МВт) жел электр станциясының бірінші кезеңін іске қосты.

Телекөпір барысында аграрлық секторда заманауи жабдықпен жабдықталған автоматтандырылған диір бар «Карат» ЖШС (Атырау облысы); соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі жобалардың бірі, қуаттылығы 50 мың тонна ет өндіретін Макинск құс фабрикасының (Ақмола облысы) бірінші кезеңі және Арқалықтағы «Торгай Ет» ЖШС ет өңдеу кешені пайдалануға берілді.

Қазақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша ұзындығы 1061 км және жылына 2,2 млрд. текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар «Сарыарқа» газ құбырының 1-ші кезеңін іске қосуға пәрмен берді.

Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «5 әлеуметтік бастаманың» бірі ретінде Астананы газдандыру жобасындағы Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзақтығы 1061 км болатын және жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар «Сарыарқа» газ магистралінің 1-ші кезеңін іске қосуға пәрмен берді.

Цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталығы мен Қостанайда республиканың ең цифрлы диірмен кешені  іске қосылды. Астанада модемдерді, коммутатор және автоматты цифрлық телефон станцияларын өндіретін «DigitalSystemServis» ЖШС зауыт ашылды. Алматыда «Kaz Tech» ЖШС инновациялық аспап жасау және радиоэлектроника зауытын іске қосты.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 6,6 триллион теңгеден астам сомаға 1,148 жоба енгізілді, шамамен 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдық кезеңінде (2010-2014 жж.) Индустрияландыру картасының аясында 3 триллион теңгеге жуық 770 жобасы іске қосылып 76 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Екінші бесжылдықты (2015-2017 жж.) іске асыру басталғаннан бері шамамен 3,1 трлн теңге сомаға 378 жоба іске қосылды, шамамен 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы шамамен 1,2 триллион теңгеге 100-ден астам объектер қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.

Телекөпір аясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының және «Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.