Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

invest_awards

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың қатысуымен Қазақстандағы белсенді жұмыс үшін шетелдік инвесторларды марапаттаудың 5-ші жыл сайынғы салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара «Ұлттық компания «Kazakh Invest»» АҚ-мен бірлесіп өткізілді.

Мерекелік іс-шараға инвесторлар, шетел дипломатиялық миссияларының басшылары, бизнес-ассоциациялар мен ұйымдар қатысты.

Үздік шетелдік кәсіпкерлер дипломдармен, мүсіншелермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Биылғы жылдың жеңімпаздары – түрлі шетелдік компаниялардың өкілдері, Қазақстанда бірнеше жыл бойы 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашты.

Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев мырза атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасап, экономикалық өсуіне сүйенді. Тәуелсіздік жылдарында республикаға мыңдаған компаниялар келді, ал соңғы 13 жылда Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 300 миллиард долларға жетті. Осы көрсеткіштерге сәйкес Қазақстан Орталық Азия аймағында көшбасшы.

Биыл экономиканың құрылыс, машина жасау, тағам өнеркәсібі секторларында жұмыс істейтін компаниялар үздік шетелдік инвесторлар ретінде танылды.

2018-жылдың үздік шетелдік инвесторлары:

THE LINDE GROUP, Германия (Газ химиялық өнеркәсібі)

SOLARNET, Германия (Жаңартылған энергия көздері)

AIR LIQUIDE, Франция (Газ химиялық өнеркәсібі)

ALSTOM, Франция (Машина жасау)

ЛУКОЙЛ, Ресей (Мұнай химия өнеркәсібі)

PHOENIX GLOBAL DMCC, БАӘ (АӨК)

ECZACIBASI HOLDING, Түркия (ТМК)

DTN, АҚШ (Ақпараттық технологиялар)

CHINA GEZHOUBA GROUP COMPANY LIMITED, Қытай (Құрылыс)

CG Corp Global, Сингапур (Тағам өнеркәсібі)

Айтуынша, келесі жылы Қазақстанда экономиканың шикізаттық емес секторында Тікелей инвестициялар қоры жұмыс істей бастайды. Ол шетелдік қатысушылармен бірлесіп инвестицияланатын болады. Осыған байланысты Қазақстанда бұрын болмаған өндірістер пайда болады.

Фото ҚР ИДМ веб-сайтынан