Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

mine

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа сатылатын көмірдің бағасы орта есеппен 15-20%-ға төмендеді.

Министрліктің, тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының, барлық облыстың және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде көмір сатушылармен меморандумдар жасалды. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл 26-шы қарашадан бастап жасасқан меморандумдарды іске асыру аясында жылыту маусымының аяғына дейін Шұбаркөл көмірі орташа 15-20%-ке, Қаражыра көмірі 6%-ке арзан күйінде сақталады.

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (54,4 млн.тонна) салыстырғанда 103,8 процентті құрайды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен (12 млн.тонна) салыстырғанда 103,3 процентті  құрап отыр. Осы кезеңде 27,7 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (27,8 млн.тонна) салыстырғанда 99,5 процентті  құрап отыр.

20 желтоқсандағы жедел деректер жағдай бойынша, жыл басынан бері еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн.тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 процентке (5 млн. тонна) артық.

Сондай-ақ, жылыту маусымына дайындық басталғаннан бастап (1 мамырдан бастап 20 желтоқсанға дейін) теміржол көлігімен 46,8 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға (4,2 % артық). Тұтастай алғанда жылыту маусымы тұрақты режиміңде

Сурет expert.ru сайтынан