Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

street-Astana-02

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 желтоқсанда Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Болгарияның астанасы Софияда «Астана» көшесінің ашылуына арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

«Астана» көшесі София қаласының «Оңтүстік парктің» басында, Ұлттық мәдениет сарайының жанындағы «Ғашықтардың көпірдің»   қасындағы  «Хилтон» қонақ үйі мен «Жер және адамдар» мұражайы арасында орналасқан.

Көше атауын беру туралы ұсынысты София муниципалдық кеңесіне инж. Симеон Славчев пен «Триадица» ауданының басшысы инж. Николай Терзиев жасаған. Және ол осы жылдың наурыз айында қабылданды.

Өз кезегінде, Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі «Астана» көшесін жетілдіру және жаңғырту, соның ішінде демалуға арналған орындықтар мен шатырларды орнату және көшелерді көгалдандыру бойынша жобаны әзірледі. Жаңа көше жобасына сонымен қатар Қазақстан мен оның астанасы туралы бейнероликтер мен ақпарат көрсететін интерактивті ақпараттық экран кіреді.

Іс-шараға Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі – депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, Қалалық Маслихат кеңесшісі Симеон Славчев, Болгария-Қазақстан Сауда Палатасының төрағасы Андрияна Петкова, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасының жаттықтырушысы Станимир Стоилов, бокстан әлем чемпионы Кубрат Пулев, дипломатиялық корпус, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшлық топтарының және БАҚ-тар және қазақ диаспораның өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Астана қаласының даму тарихы туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде, София қаласы мэрінің орынбасары Д.Барбалов «Астана» көшесі Софияның ең әдемі орындарының бірінде орналасқандығын атап өтті.

Салтанатты іс-шара аясында белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» атты әні шырқалып, әннің CD дисктері мен ҚР Дипломатиялық миссиясы әзірлеген Қазақ-Болгар тілашарлар таратылды.

street-Astana-03