Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

primkz

2018 жылдың 29 қарашасында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі Кеңестің (ИКЖК) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру, қалдықтарды басқару стратегиясын әзірлеу және Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Вопросы касались совершенствования антимонопольного законодательства, создания равных условий для инвесторов и обеспечения конкурентоспособной экономической среды.

Бұдан басқа, биылғы жылдың 1 қазанында өткен отырыста ИКЖК мүшелерінің айтылған ұсыныстары бойынша министрліктердің есебі қаралды. Мәселелер антимонополиялық заңнаманы жетілдіру, инвесторлар үшін тең жағдай жасау және бәсекеге қабілетті экономикалық ортаны қалыптастыруға қатысты болды.

Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті К. Мак, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі М. Гиффорд, АҚШ елшілігінің уақытша сенімді өкілі Т. Линг, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлсон, ЭЫДҰ-ның қоршаған ортаны қорғау  бойынша дирекциясының саяси талдаушысы П. Боркей, Coca-Cola Bottlers Kazakhstan бас директоры А. Ертин, Resero Power басқарма мүшесі Т. Браун, Metro Cash & Carry Kazakhstan бас директоры Э. Горп және басқалар күн тәртібі бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мүдделі мемлекеттік органдарға кейіннен іске асыру үшін ИКЖК мүшелерінің ұсыныстарын мұқият зерделеуді тапсырды.

primeminister.kz сайтынан алынған фотосурет