Българо-Казахстанска Търговска Камара

Болгар-Қазақстан сауда палатасы

mfa_gov-kz-01

2018 жылғы 29 қарашада шетел дипломатиялық корпусына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы таныстыру және хабардар ету мақсатымен ҚР Сыртқы істер министрлігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы бірлесіп таныстырылым өткізді.

Іс-шарада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың алдында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және АХҚО-ның Басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.

Қ. Әбдірахманов өзінің сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АХҚО-ны құруды бастамалау кезінен және ресми басталуына дейін небәрі үш жыл өткенін атап өтті. Ол сонымен қатар шетелдік қонақтарды ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуді, АХҚО-ның халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ықпалдасуды орнатуды және көптеген басқаларды қамтитын АХҚО қалыптасуы мен дамуына қолдау бойынша Министрліктің шаралары туралы ақпараттандырды. Осы мақсаттарда СІМ мен АХҚО ү.ж. қазанда іс жүзіндегі қадамдарды қарастыратын бірлескен Жол картасын қабылдады, оларды іске асыру үшін Қазақстанның шетелдегі барлық дипломатиялық өкілдіктері жұмылдырылды.

Өз кезегінде Қ. Келімбетов сыртқы саяси ведомствоның АХҚО қалыптасуы кезеңінде көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді, қазақстандық дипломаттардың Орталықты дамытудағы елеулі рөлін атап өтті. Ол сонымен қатар кездесу қатысушыларын АХҚО ның ағымдағы істерінің жағдайы туралы, жақында АХҚО биржасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары мен ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын орналастырулар, сондай-ақ алдағы жоспарлары жөнінде ақпараттандырды.

Қонақтарға АХҚО қызметі туралы бейнематериалдар көрсетілді, Орталықтың мамандарымен қонақтарға консультациялар ұйымдастырылды, оған қатысушылар Орталықтың мақсаттары мен міндеттері туралы біліп қана қоймай, кеңес беріп, қатысушы шетелдік дипломаттармен тікелей жұмыс байланыстарын орнатты.

Аталған іс-шараны өткізу АХҚО-ның имиджін шетелде ілгерілету және оның әріптестерімен шетелде өзара ықпалдасуын күшейту тұрғысынан маңызды болды.

Сонымен қатар, сол күні шетелдік дипломатиялық корпус үшін Астана Хаб ғимаратында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Кожахметовтың басшылығымен Астана Хаб халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің таныстырылымы өтті.

Ж.Кожахметов қатысушыларды технопарктің мақсаттары мен міндеттерін, Қазақстанның цифрлық трансформациясы туралы және шетелдік индустриалды ойыншылармен серіктестік құру үшін қолда бар мүмкіндіктер туралы хабардар етті.

Технопарктің ерекшелігі – оның халықаралық ашықтығы. Хаб аумағында ағылшын құқығы қолданылады және қазақстандық және шетелдік қатысушылар үшін де жеңілдетілген салық режимі (ЖТС, КТС, ҚҚС және басқалар) заңнамалы түрде пысықталуда. Технопарктің шетелдік резиденттері үшін жеңілдетілген еңбек және визалық режимдер құрылуда. Astana Hub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі Қазақстанның инновациялар экожүйесін дамытудың өзегі болуы тиіс деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, шетелдік дипломаттар елдің цифрлық экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаумен айналысатын ЭКСПО негізінде ІТ-Университетінің орналасуы мен құрылуы жоспарланғаны туралы ақпараттандырылды.

Фотосуреттер ҚР СІМ сайтынан